Жаңалықтар

Ана өлімін төмендету қажет!

Ғ.ЕЛЕУОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі.

Елімізде ана өлімі көрсеткішін төмендету басты назарда болуға тиіс.

Біз, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Ғ.Елеуов, Е.Смышляева, Ә.Әбсеметова, Е.ЖаңбыршинДенсаулық сақтау министрі А.Цойға осы мәселе төңірегінде депутаттық сауал жолдадық.

Сайлауалды бағдарламаға сәйкес азаматтарымыздың денсаулығы— Nur Otan партиясының басты басымдықтарының бірі. Бұл ретте ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады әрі бұл — маңызды конституциялық кепілдік.

Негізгі нысаналы индикаторлардың бірі ретінде ана өлімінің көрсеткішін төмендетуді біз денсаулық сақтаудың салалық мемлекеттік бағдарламаларының әрқайсысынан байқап отырмыз.

2010 жылы ол 100 000 туған балаға 22,7-ні құрады, 2014 жылы ол
11,7 деңгейіне қол жеткізу үшін міндет ретінде алға қойылған болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әдіснамасы бойынша құпия аудиттің түзетілген деректері бойынша қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламада ана өлімі 2025 жылға қарай 100 мың тірі туған балаға шаққанда 14,5-ке дейін төмендейді деп айқындалған.

Алайда іс жүзінде жағдай қандай?

Қазақстанда ана өлімінің көрсеткіші 2020 жылы қайғылы көрсеткішке жетіп,
3 есеге жуық өсті және 100 000 тірі туған балаға шаққанда 36,5-ті құрады, жоспар бойынша 17,1 болуға тиіс еді. Бұл ретте 36,5—орташа республикалық деңгей. Өңірлер бойынша цифрлар одан да бетер және 100 000 тірі туған балаға шаққанда 70-кедейін, ал кейде тіпті 95-ке дейін жетеді.Осының бәрі коронавирус індеті салдарынан орын алды деп айта салуға болар еді. Бірақ халықаралық сарапшылардың айтуынша, жүкті әйелдер арасында Covid-19-данболған өлімнің жоғары өсімі пандемия кезінде акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыруда жүйелі проблемаларыболған елдерде ғана байқалған.Қай жеріміз «ақсап тұр», не істемей қалды, денсаулық сақтауды ұйымдастырушыларымыз қайда?

2014 жылы жүкті әйелдерді жүргізу және әйелдерді ана болуға дайындау медициналық-санитарлық алғашқы көмектің жалпы желісіне беріліп, әйелдер консультациясы институты жоғалды. Бұл амбулаториялық
акушерлік-гинекологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасына әсер етті. Қайтыс болған әйелдердің арасында есепке кеш алынған, жүктілікке мүлдем қарсы көрсетілімдері бар не тіпті есепте тұрмаған әйелдердің болу фактісі осының дәлелі болып табылады. Олардың басым бөлігі жүктілікті жоспарламағанын және дайындықтан өтпеген.

Келесі қадам жүкті әйелдерге стационарлық көмектің қолжетімділігін төмендету болды. Бірқатар өңірлерде 2015 жылдан бастап мамандандырылған ұйымдар мен бөлімшелердің төсек-орын қоры 30%-ға қысқарды. Көпбейінді ауруханалардың құрамында акушерлік-гинекологиялық бөлімшелерді қаржыландыру басымдығы сақталмайды.

Тұтас қызметті материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету қалдық қағидаты бойынша қалыптастырылады. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша оның жарақтандырылуы орташа есеппен 80%-ға жуық, бұл ретте ақпараттық жүйелердің деректері бойынша жабдықтың тозуы 50,85%-ға, ал жекелеген жағдайларда 100%-ға да жетеді.

Ана өлімі,медициналық көрсеткіштен гөрі,әлеуметтік көрсеткіш. Бүгінгі нәтижелермен және ана болуды медициналық қолдап отырусапасымен біз ДДСҰ «жағдайлары тұрақсызжәне гуманитарлық проблемалары бар орындар» деп белгілейтін әлемдегі ең кедей елдердің деңгейіне дейін төмендедік.

Nur Otan партиясының фракциясы Денсаулық сақтау министрлігіне сарапшылық медициналық қоғамдастықты тарта отырып, ана өлімі бойынша қалыптасып отырған жағдайға жан-жақты талдау жүргізу, оның нәтижелерін жариялау және оларды ашық талқылау талабымен жүгініп отыр.

Сонымен қатартөсек-орын қорының жұмысын зерделеу, ай сайынғы динамикада көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты табу, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы төмендеуінің басқа да себептерін қарау;кез келген мерзімдегі жүкті әйелдерге өтініш жасаған жерінде кешіктірмей емдеуге жатқызудан бас тартуды болғызбау;ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;стационарлық және амбулаторлық акушерлік, балалар гинекологиясы және репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша мамандардың клиникалық дағдыларын жүйелі түрде арттыруқажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button